Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады деп күтіліп отыр, қатты жаңбыр 15, 17 маусымда солтүстікте, 15 маусымда орталықта, 15-16 маусымда шығыста болжанады.
"Еліміздің батысында ауа температурасы өте қатты ыстық, +33+42 градусқа дейін болады, оңтүстігінде қатты ыстық +35+42 градусқа дейін болады, оңтүстік-шығысында қатты ыстық +28+38 градусқа дейін, солтүстігінде +26+34 градусқа дейін, орталығында +25+33 градусқа дейін, шығыста +21+31 градусқа дейін жоғарылайды", - деп жазылған мәліметте.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!