Синоптиктер жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел болады деп болжайды. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашын күтілмейді. Алайда Иран аймақтарынан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен елдің басым бөлігінде қайтадан аптап ыстық орнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) - күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 градус жылы.
Ақмола облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 26-31 градус жылы. Көкшетау - күн құбылмалы болады, күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 7-12 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 20-25 жылы. Қонаев - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық.
Жетісу облысы - облыстың шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 29-34, облыстың таулы аудандарында 25 градус жылы. Талдықорған - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістан облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 15, күндіз 34-39, облыстың таулы аудандарында 31 жылы. Түркістан - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні
15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 22-27 жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады. Орал - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 36-38 градус қатты ыстық.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28 жылы, күндіз 37-42 градус өте қатты ыстық. Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с.
Ауа температурасы түнде 26-28 жылы, күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың батысында 22 градус жылы, күндіз 37-42 градус қатты ыстық, облыстың батысында 33 жылы. Ақтау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа
температурасы түнде 22-24, күндіз 33-35 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың оңтүстік-батысында 28 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстік-батысында 41 градус өте қатты ыстық. Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 34-36 градус қатты ыстық.
Қостанай облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 16-21 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 38 градусқа жетеді. Қостанай - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың шығысында 11, күндіз 26-31 градус жылы.
Петропавл - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Павлодар облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30 градус жылы. Павлодар - күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.
Қарағанды облысы - түнде облыстың батысында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 25-30 градус жылы. Қарағанды - күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 25-27 градус жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 30-35, облыстың солтүстігінде 25 градус жылы. Жезқазған - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, күндіз таулы аудандарда өте қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың шығысында 10, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде, шығысында 20 градус жылы. Өскемен - күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Абай облысы - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 32 градус жылы.Семей - күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 34-39 жылы. Қызылорда - ашық болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 градус жылы.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 13, күндіз 31-36, облыстың таулы аудандарында 27 градус жылы. Тараз - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 33-35 градус жылы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!