Синоптиктер 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 37-39 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 37-39 жылы.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42 градус аптап сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 27 шілдеде күндіз 40-42 градус аптап сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 41 градус аптап күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 42 градус аптап күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус аптап күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус аптап күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап сақталады. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 27 шілдеде найзағай күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус аптап сақталады. 27-28 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 27-28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 27 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. 27 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 18 метр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус аптап сақталады. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 27 шілдеде түнде найзағай күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. 27-29 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 27 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 27-29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 27 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-18 метр күтіледі. 27 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап 35-39 градус сақталады. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 27 шілдеде күндіз аптап 37-39 градус сақталады. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. 27 шілдеде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 27 шілдеде таңертең және найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде секундына 15-20 метр.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус аптап күтіледі. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!