+41 градусқа дейін: қай өңірлерде әлі де қатты ыстық болады?

+41 градусқа дейін: қай өңірлерде әлі де қатты ыстық болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 18, 19, 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қатты жаңбыр жауады

Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ та жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде, таңертең тұман түседі.

19-20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Өңірлер бойынша

  • Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының кейбір аудандарында +41 градусқа дейін жетеді.
  • Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27...+35 градус, Қостанай облысында +20...+30 градус болады.
  • Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы +17...+22 градусқа дейін төмендейді.
  • Еліміздің орталық, шығыс өңірлерінде де күндіз ауа температурасы +18...+30 градусқа дейін төмендейді.
  • Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+37 градус аралығында болады.
  • Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +28...+35 градус болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget