- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 41 градусқа дейін...
41 градусқа дейін аяз: бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 8 желтоқсанда Қазақстанның әр өңірінде қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус аяз.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман түседі. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Кей жерде тұман түседі. Шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз - 1 градус жылы, күндіз 4-6 градус жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 33-38 градус, облыстың оңтүстігінде 23-28, күндіз 28-33 градус, облыстың оңтүстігінде 20-25 гардус аяз.
Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 8-13 градус аяз, күндіз 1 градус аяз 4 градус жылы, солтүстікте, таулы аймақтарда 4-9 градус жылы.
Түнде Жетісу облысының таулы аймақтарында, күндіз солтүстік, шығыс, орталық, таулы аймақтарда қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 9-14, Алакөл ауданында екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 0-5, облыстың таулы аудандарында 8 градус аяз.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Жел шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, батыста, шығыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстігінде 8-13 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 8-13 градус аяз.
Түнде Абай облысының шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 10-15, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 7-12 градус аяз.
Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек