41 градусқа дейін аптап ыстық: демалыста ауа райы қандай болады?

41 градусқа дейін аптап ыстық: демалыста ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 9, 10, 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды, аптап ыстық сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі, таңғы уақыттарда тұман түседі.

"Оңтүстік өңірлерде 36-41 градусқа дейін аптап ыстық болады, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін болады. Батыс Қазақстанда ауа температурасы төмендейді: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы. Қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget