41 градус аптап ыстық: 28 маусымда ауа райы қандай болады?

41 градус аптап ыстық: 28 маусымда ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" 28 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана — көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 31-33 градус жылы болады.

Алматы — көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Шымкент — көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 37-39 градус өте қатты ыстық болады.

Түркістан — көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 39-41 градус аптап ыстық болады.

Қонаев — көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Талдықорған — көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Қызылорда — көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.

Тараз — көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 градус, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Ақтау — бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Атырау — көшпелі бұлт, күн соңында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 27-29
градус жылы болады.

Орал — көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 20-22 градус жылы.

Ақтөбе — көшпелі бұлт, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 5-10 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 22-24 градус жылы.

Қарағанды — көшпелі бұлт, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 градус, күндіз 31-33 градус жылы.

Жезқазған — көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Қостанай — көшпелі бұлт, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 25-27 градус жылы.

Көкшетау— көшпелі бұлт, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 28-30 градус жылы.

Петропавл — көшпелі бұлт, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 26-28 градус жылы.

Павлодар — көшпелі бұлт, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 градус, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Семей — көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Өскемен — көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget