4000-нан аса егіз, 50 үшем. Былтыр қанша сәби дүниеге келді?

4000-нан аса егіз, 50 үшем. Былтыр қанша сәби дүниеге келді?
Фото: freepik

Былтыр Қазақстанда 403,9 мың бала, ал 2021 жылы 446,4 мың бала дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

  • Қанша ұл, қанша қыз дүниеге келген?

Бұл көрсеткіштің 51,5 пайызы ұл, 48,5 пайызы қыз болған. 241,4 мың бала немесе туғандардың жалпы санының 59,8 пайызы қалада, 162,4 мыңы, яғни 40,2 пайызы ауылды жерлерде дүниеге келген.

"2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,57 болды, 2021 жылы ол көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 23,50 деңгейінде болды", - делінген мәліметте.

  • Қай өңір туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында?

Ал ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) тіркелді. Ең төмен туу көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 10,96), Қостанай (12,42) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,96) байқалған.

freepik

  • Әйелдер қанша жасында босанған?

2022 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 31,5 жасқа дейін артқан (2021 жылы 29,5 жас, 2020 жылы 29,3 жас). Қалалық жерде 31,9 жас (2021 жылы 29,9 жас), ал ауылдық жерлерде 31 жас (2021 жылы 29,1 жас) болды.

Республикалық маңызы бар қалалардағы бала туу кезіндегі әйелдердің ең жоғары орта жасы Астанада 32,5 жас, Алматыда 32,3 жас, ең төменгі орта жасы Түркістан облысында 30,2 жас болды. Бұл ретте алғаш босанғандардың орташа жасы 26,8 жас болған.

freepik

  • Былтыр дүниеге келген егіздер мен үшемдердің саны қанша?

Дүниеге келген балалардың төрттен бір бөлігі дерлік - тұңғыш бала, яғни саны - 100 мың. Ал 94,4 мыңы отбасында екінші болып туған, отбасында сегізінші болып туған бала саны - мың бала.

Былтыр 4063 (2021 жылы 4216) егіз және 50 (2021 жылы 43) үшем дүниеге келді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова