- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 400 миллион теңгеден...
400 миллион теңгеден аса ақша ұрланған: Қазақфильмге қатысты тергеу басталды
Фото:
Tengrinews
Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы қаласының прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражаты ұрлануына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.
Алдын-ала мәлімет бойынша фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған.
Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақфильмнің" экс-президенті жемқорлық дерегіне байланысты күдікті деп танылғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова