400 миллион теңге. "Ақтөбе" футбол клубының қарызы өтелді

"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы алдындағы берешек толық өтелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей тапсырмасымен жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларға төленуі қажет өткен маусымдағы қарыздарды өтеу үшін қаржылық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылданған.
 
Ведомство мәліметінше, нәтижесінде футбол клубының былтырғы қарыздары толық жабылған. Қазір команда алдағы чемпионатқа дайындалып жатыр. Түркиядағы жаттығу жиындары штаттық режимде өтіп жатыр. Сонымен қатар, команданы жасақтау жұмыстары аяқталуға жақын. Қарыздың жалпы көлемі 400 миллион теңге болған.

Еске салайық, клуб былтыр қазанда жалақыны, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлей алмай, қарызға батқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!