- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 400 миллион текше...
400 миллион текше метр суды ағызып жіберген. Еліміздің су қоймалары қазір қаншалықты қауіпсіз?
Биыл елімізде бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып жатыр. Бұл жағдайда еліміздегі су қоймаларына су көптеп жиналуға тиіс. Мемлекет меншігіндегі қоймалардың дайындығы қалай? Қанша су жиналды? Massaget.kz тілшісі министрліктен сұрап білді.
"Еліміздегі барлық су қойма қазіргі кезде жіті министрлік назарында. Су тасу кезеңі қарқынды жүріп жатқан өзендер бойындағы су қоймалардан күнделікті ақпарат алып отырмыз. Бүгінгі таңғы 8-00-дегі ақпаратқа сәйкес 11 су қойма 100 пайызға толып тұр (Қоянды, Ақешкі, Казталов ІІ, Шаған, Ащысу, Жартас, Жезді, Самарқанд, Желқуар, Сергеев, Амангелді). Аталған су қоймалар транзиттік режимде, яғни су қоймаға қанша су келсе, сонша мөлшерде су қойманың төменгі бөлігіне тасталуда. Су қоймаға келіп түсетін су мөлшері азайған жағдайда су қоймадан тастаталатын суды да азайтып реттеліп отырады. Сондай-ақ, су қоймадан төмен орналасқан объектілер министрліктің бақылауында және су қоймалардан тасталатын су Су шаруашылығы комитетімен реттеліп отырады. Аталған су ресурстарын реттеу су қойманы және төмен орналасқан елдімекендерді су басу қаупінен сақтануға мүмкіндік береді", - деліген жауапта Су министрлігінің Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Су министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, мемлекет меншігінде 94 су қоймасы бар. Олардағы су қоры көлемі – 86 текше километр. Ал, жалпы ел аумағында 309 су қоймасы бар.
Министрлік наурыз айында су қоймасына келетін суды қабылдау үшін 400 миллион текше метр суды ағызып жіберген. Осы жылы оңтүстік өңірде былтырғыдан қарағанда 8 пайызға артық су жиналған. Нұржігітовтың айтуынша, трансшекааралық өзендер маңында су жинау жұмыстарына басымдық берілген. Бұл жазда ауыл шаруашылығына және басқа да экономиканың бағыттарына қолданылмақ.
"Біз болжам жағын әлі де дамытуымыз керек. Наурызда су қоймаларына 3 текше километр су жиналғанын, әлі 2 текше километр су қалдықтары бар. Мәселен, Бұқтырма су қоймасында 20 куб километрден астам су бар. Онымен қоса Көксарай су қоймасында 1,5 текше километр су бар. Ал Батыстғы 7 ірі су қоймасы 68 пайызға толған. Бұл өткен жылғы көлемнен 7 пайызға аз. Өйткені біз Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясынан су келеді деп күтіп отырмыз. Солтүстік Қазақстандағы 11 су қоймасы 84 пайызға толған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 пайызға артық. Шығыс Қазақстандағы 3 ірі су қоймасы 65 пайызға толған", - деді министр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Ордабаев