Ауқымды арнайы операция нәтижесінде елорда аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Қазақстан аумағына келген шетелдіктерді тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған.
"Бұл қызметке өзге адамдар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген. Олар бұл қызметі үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Айғақ заттар ретінде құжаттар, мөрлер мен анықтамалар тәркіленді. Қазір заңсыз көші-қон дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!