"40 минут бойы тоқтай алмай жыладым". Танымал актриса екінші ұлын қалай босанғанын айтып берді

Танымал актриса, блогер 11 сәуірде ұлын босанып, екінші рет ана атанған болатын. Блогер 10 күннен кейін байланысқа шығып, оқырмандарына ұлын қалай босанғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, толғағы айтарлықтай жеңіл өткен. 

"11 сәуірде түнгі сағат 00.00-де толғағым басталды, маған бұл өтірік толғақ секілді көрінді, алайда ол таңғы сағат 6.00 дейін жалғасты. Ал таңға қарай толғақ күшейе түсті. Сосын мен жиналып бастадым, өйткені іштей босанатын уақытымның жақындағанын түсіндім.

Сөйтіп, таңертең 07.00-де перзентханаға шықтық. Ол уақытта менің толғағым басталып кетсе де, мен дым сезбей жүре бергенмін, өйткені қатты ауырмады. 

Перзентханаға жеткеннен кейін дәрігерлер маған босанатынымды айтты, содан маған эпидуралдық анестезия салды, мен кіндіктен төмен денемді сезбей қалдым. Бір сағаттай ұйықтап алдым, кейін мен оятты. Құдды бір тууға емес, косметологтың алдына бет тазарту процедурасына келген секілді болдым, бәрі жеңіл өтті. 

Перзентханаға таңертең 07.00-де келдік, сосын 11 сәуір 11.07-да босандым.

Бәрі жеңіл өткені соншалық, айтатын да дым жоқ. Ешқандай экшн болады. Кинодағыдай майшамға бір-екі үрлегендей сезім болды және мен басты рөлдегі кейіпкер секілді 40 минут бойы бақыттан жылап, тоқтай алмадым. Ең алдымен аллаға, кейін өзіме және айналамдағыларға алғыс білдірдім", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көміртек оксидтері: CO және CO₂ мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі: NaOH, H₂O, NaO, O₂, CuO?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!