- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 миллион теңге сомасында пара алған.
40 миллион теңге пара: қазақстандық үш бірдей шенеунік сотталды
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент және Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастықтары сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербисов пен Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 миллион теңге сомасында пара алған.
Сондай-ақ Ізбасаров 1,7 миллион теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп, билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
"Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан