- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "40-қа толса да,...
"40-қа толса да, шешесінің жанында жүретін шығар". Қайрат Нұртас сынға қалды
Хитмен Қайрат Нұртас туған күнін атап өтті. Өнерпазды арнайы Тараз қаласына барып құттықтаған әншінің анасы Гүлзира Айдарбекованы желі қолданушылары сынның астына алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жаңа жасын Тараздық тыңдарманмен бірге қарсы алды. Әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының 35 жас туған күнімен құттықтап instagram парақшасында жазба жариялады.
"Тұла бойым тұңғышымды құттықтауға Таразға келдім. Осы жақта концерт беріп жүр еді. Қуатжан күйеу балам мен Мерей қызым дастархан жасап, сағат 00.00-ді көрсеткенде құттықтауды бастап кеттік. "Бар болған қандай жақсы" демекші қай жерде жүрсек те ағайын бауырдың бары қандай жақсы. Ары қарай Алматымызға жол тарттық", – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары 35 жасқа толған әншіні анасымен бірге жүргенін сынап, пікір қалдырды.
"Осы қасқаның қатыны кайда өмірі шешесі жүреді қасында", "Қайраттың атын шығарамын деп Жұлдызды жертва жасады. Өмір алма кезек енді Жұлдыз орнына қойып жатыр бәрін. Қайрат, балалары опық жеп жүр", "Жұлдыз жетіспей тұр мына жерде", "Қайраттың туған күнінде әйелі қасында болмайма? Жұлдыз қайда? Балдары неге түгел қасында емес", "40-қа толса да, шешесінің жанында жүретін шығар", - деп жазды олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы