Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус Алматы тасжолында тұрып қалған, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан тиісті жерге жете алмаған.
"Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!