40 жолаушы: Шымкенттен жолға шыққан автобустың жүргізушісі мас болған

Ақмола облысының полицейлері Астана-Петропавл тасжолының 232-шақырымында Van Hool маркалы автобусты тоқтатты. Көлікті 50 жастағы Түркістан облысының тұрғыны айдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжаттарды тексеру және әңгімелесу кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан.

Одан Бурабай ауданындағы ауруханаға медициналық тексеруден өтуді сұраған. Дәрігер оның жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтады.

Шымкенттен шыққан автобуста 40 жолаушы болған. Жүргізуші осы факті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал жолаушылар діттеген жеріне жету үшін автобусты басқа жүргізуші айдап кетті.

 Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!