40 жастан басталады. Ғалымдар Паркинсонның ерте пайда болатын 2 белгісін анықтады

Паркинсон ауруы – орталық жүйке жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі, ол көбінесе қарт адамдарға әсер етеді. Көптеген жағдайда қауіпті патология 60 жастан асқан адамдарда кездеседі. Диагноз қойылғандардың тек он пайызы ғана 40 жасқа дейінгі науқастар.

Ең бастысы ауруды дер кезінде анықтау. Емдеуді неғұрлым тезірек бастасаңыз, дәрігерлер симптомдарды жеңілдетіп, аурудың дамуын бәсеңдете алады. Өкінішке қарай, оны толығымен емдеу әлі мүмкін емес.

Бір топ еуропалық зерттеушілер Паркинсон ауруын алдын ала анықтау мүмкін бе деген сұрақ төңірегінде ізденген. Ол үшін ғалымдар 1990-2018 жылдар аралығында Шығыс Лондонда өмір сүрген миллионнан астам адамның медициналық жазбаларына талдау жасады. Британдық биобанктің қосымша деректерін қарап шыққаннан кейін зерттеушілер Паркинсон ауруы үшін екі жаңа қауіп факторын тапты.

Егер адам есту қабілеті жоғалып және эпилепсиямен ауыра бастаса, болашақта бұл Паркинсон ауруының дамуын тудыруы мүмкін екені белгілі болды. Сіздің туысыңыз 50 жасында есту қабілетінен айырылды делік (әртүрлі себептермен). Оның 60 жаста Паркинсон ауруына шалдығу ықтималдылығы бар.

"Біз мұндай проблемалары бар адамдарға Паркинсон ауруы бес, жеті, тіпті он жылдан кейін жиі диагноз қойылғанын байқадық. Бұл жерде міндетті түрде байланыс бар деп ойлаймыз. Егер оны нақты анықтайтын болсақ, біз ауруды бастапқы кезеңдерінде анықтай  аламыз, мүмкін тіпті адамды одан біржола құтқарамыз", - дейді дәрігер Аластер Нойс.

Ол бірнеше елдегі әріптестері эпилепсия, есту қабілетінің жоғалуы және Паркинсон ауруы арасындағы бар қарым-қатынас туралы айтқанын айтты. Алайда мұндай ауқымды зерттеу жүргізілген жоқ.

Паркинсон ауруын тағы қалай тануға болады?

Аурудан дер кезінде күдіктену үшін дәрігерлер адамның жүрісіне назар аударуды ұсынады. Егер ол белгілі бір жолмен өзгерсе, бұл патологияның дамуының басталуын көрсетуі мүмкін. Төмендегі сәйкестендіру белгілері сізге көмектеседі:

• шағын қадамдар;

• еңкею;

• баяулық;

• адам жерге жабысып қалғандай, аяғын көтеру қиынға соғатынына шағымдануы мүмкін.

Сонымен қатар, ғалымдар Паркинсон ауруының алғашқы белгілерін анықтады. Оларға мыналар жатады:

• Тремор (діріл);

• иіс сезімінің төмендеуі;

• ұйқы проблемалары;

• іш қату;

• бас айналу;

• қозғалыс проблемалары.