40 жастан асқанда шет тілін үйрену қаншалықты нәтижелі?

40 жастан асқанда шет тілін үйрену қаншалықты нәтижелі?
Фото: pixabay.com

40 жастан асқан көптеген адам өзінің жастық шағын ғана емес, орындалмаған арманын да артта қалдырады. Зейнетке шығуға дейін әлі уақыт көп болғанымен, физикалық және психикалық денсаулыққа үнемі назар аудару қажет. Ал бұл орта жастағы дағдарысқа әкелуі мүмкін. Оның алдын алу үшін әртүрлі затпен айналысқан дұрыс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

40 жастан кейін шет тілінде сөйлеудің кем дегенде бес пайдалы себебі бар.

Жаңа сезімдер. Шет тілін үйренудің материалдық шығыны аз, түбегейлі өзгерістерді қажет етпейді, дегенмен сізге бүкіл жаңа әлемді ашады. Тіл - бұл елдің мәдениеті, тарихы, өнері және өмірінің әртүрлі қырларын көрсететін тұтас жүйе. Шет елдің атмосферасын сезіну үшін шекара асып, ұзақ сапарға шығудың қажеті жоқ, тек тіл үйренуден бастауға болады.

Жаңа әлеуметтік орта. Ересектерге жаңа таныс не дос табу қиынға соғуы мүмкін. Көпшіліктің әлеуметтік ортасы тек отбасымен, көршілерімен және әріптестерімен шектеледі. Сондықтан, жаңа тіл үйрену жаңа таныстарға әкеледі. Шет тілін үйрену жаңа ортамен танысуға көмектесіп қана қоймайды, саяхат кезінде немесе онлайн режимде басқа елдің адамдарымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шет тілі сабақтарында әдетте әртүрлі тақырыптар талқыланады: Климаттық өзгерістерден жұлдыздардың жеке өміріне дейін.

Өзекті тәжірибе. Тілдік дағдылар тек жұмыс орнында ғана емес, үйде де абыройыңызды көтеріп, нығайтуға көмектеседі. Басқалардың аудармасын не интерпретациясын күтпестен жаңа ақпаратқа жедел жауап беру сізді әріптестеріңізден ерекшелендіреді. Ал үйде балалар шет тілінен берілген үй тапсырмасын орындауға көмекті бағалайды, ал туыстары қонақүйді брондау кезінде көмегіңізге риза болады.

Деменцияның алдын алу. Деменцияның алдын алуды ерте және орта жаста бастаған тиімді. Жаңа тіл үйрену психикалық белсенділікті ынталандырып, жаңа нейрондық байланыстың пайда болуына мүмкіндік береді. Миды түрлі жаттығумен жиі жүктеген сайын, ол соғұрлым икемденіп, болашақта деменция қаупі аз болады.

Өзіңізге бөлінген уақыт. Ересек өмірдің күнделікті қарбаласында жаныңызға рахат әкелетін нәрсемен айналысуыға уақыт табу оңай емес. Шет тілін үйрену саяхатқа ұқсайды. Сонымен қатар, тіл үйрену өмірді әртараптандырып, жұмыс пен үй міндеттерінен алшақтаудың тамаша нұсқасы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә