- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәскеу жаңалығы
40 жастағы әйел косметологиялық клиникада майын кетіремін деп мерт болды

Мәскеулік косметологиялық емханалардың бірінде 40 жастағы әйел сұлулық процедураларын жасау кезінде қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм әйелдің ағзасы медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Рубцовская жағалауындағы "Титания" косметологиялық клиникасында болған.
"Сұлулық процедурасынан кейін 40 жастағы Марияның денесі медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген. Бұл бөртпе эпилепсиялық ұстамаға әкеп соғып, жағдай ушығып кеткен", - деп түсіндірді полиция.
фото: SHOT телеграм арнасы
SHOT арнасының ақпаратына сенсек, әйел косметикалық технологиялардың көмегімен артық салмағынан арылғысы келген. Аллергиядан кейін эпилепсиялық ұстамасы ұстаған әйелге екпе еккен маманның 18 жылдық тәжірибесі бары айтылды. Оның денесінің іш жағынан бірнеше инъекция іздері табылды.
Қайғылы оқиғадан кейін косметологиялық клиника жұмысын тоқтатқан.
Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 109-бабы "Адамның кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғу" бойынша тергеуді бастады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин