- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Не белгілі?
40 жаста: Түркістан облысының жаңа әкімі туралы не белгілі?
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Өңірдің жаңа әкімі туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Нұралхан Көшеров 1984 жылы Шымкентте дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Экономика, қаржы және несие, құқықтану салалары бойынша маманданған.
Еңбек жолы
Нұралхан Көшеров еңбек жолын 2008 жылы Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған.
2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы Салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2010-2014 жылдары Астана Салық департаменті Есіл ауданы Салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2014-2015 жылдары Астана қаласының Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы, Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
2018-2021 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.
2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы қаңтардан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін өңір басшысы қызметін Дархан Сатыбалды атқарған. Ол 2022 жылғы 31 тамыздан бастап Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды. 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә