40 градусқа дейін ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 6, 7, 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ та жаууы мүмкін.

6-8 маусымда батыста, 6 маусымда солтүстікте, оңтүстік-шығыста, 8 маусымда солтүстік-батыста қатты жаңбыр болжанып отыр.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +20…+30 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстікте +28…+35 градусқа дейін жоғарылайды;
  • орталықта +30…+38 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +35…+40 градусқа дейін,
  • оңтүстік-шығыста +30…+39 градусқа дейін,
  • шығыста +30…+37 градусқа дейін ыстық болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!