40 градусқа дейін ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16, 17, 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді. Елдің батыс, оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. 18 мамырда батыста қатты жаңбыр, бұршақ болжанып отыр.

16-17 мамырда түнде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында да жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік пен шығыста түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +30…+37 градустан +25…+30 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста +25…+30 градус болады;
  • солтүстікте +20…+30 градустан +15…+20 градусқа дейін төмендейді;
  • орталықта +25…+30 градустан +29…+34 градусқа дейін жоғарылайды;
  • шығыста +12…+20 градус болады;
  • оңтүстікте +30…+35 градустан +33…+40 градусқа дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста +18…+25 градустан +25…+32 градусқа дейін көтеріледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!