Қазгидромет 16, 17, 18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тіпті бұршақ та жаууы мүмкін.
16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Қай өңірлерде қатты ыстық болады?
Күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін жоғарылап, қатты ыстық сақталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова