“40-50 рет соққан шығар“. Жетісу облысында ер адам көршісін күрекпен аяусыз ұрған

“40-50 рет соққан шығар“. Жетісу облысында ер адам көршісін күрекпен аяусыз ұрған
Фото: Видео кадры

Жетісу облысында көршісіне ескерту жасаған әйелді ер адам күрекпен аяусыз ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Сүйіксай ауылында мас күйіндегі 49 жастағы ер адам көршісінің кішкентай балаларын балағаттаған. Қарсылық білдірген анасын күрекпен басынан бірнеше мәрте ұрған. Балалардың шыңғырған дауысынан мектеп жаттықтырушылары келіп ер адамды тоқтатқан. Жәбірленушінің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

"Ұрды. 2-3 рет ұрғаннан кейін мен жерге құладым. Қалай құладым содан ұра берді, ұра берді ғой. Бір 40-50 рет ұрған шығар басымнан қан саудырап аққанша, соға берді. Соғып тұрып неше түрліні айта берді", - дейді жәбірленуші. 

Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget