Синоптиктер алдағы үш күнге, 5-7 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, екпінді жел, бұршақ, бұрқасын күтіледі.
"Республиканың батыс аймақтарында басым күшейген қысым жағдайында болады, бұл ретте ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Алайда 5-6 тамызда Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!