- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "40-42 градус қатты...
"40-42 градус қатты ыстық". 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
30 шілдеде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығыснда, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. 30 шілдеде облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 30 шілдеде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.
30 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 30 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетау қаласында 30 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 30 шілдеде облыстың батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қаласында 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
30 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-39 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 30 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 30 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-18 метр. 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
30 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 30 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады күндіз екпіні секундына 15-20 метр. 30 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 30 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 шілдеде Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
30 шілдеде - 1 тамызда күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 30 шілдеде - 1 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы қаласында 30 шілдеде – 1 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 30 шілдеде – 1 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі. Қонаев қаласында 30 шілдеде – 1 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 30 шілдеде – 1 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі.
30 шілдеде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 30 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
30 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты шығыстан батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Желдің бағыты шығыстан батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
30 шілдеде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус сақталады. 30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 30 шілдеде күндіз қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. 30 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.
30 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілде-1 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 30 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілде-1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 30 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.
30 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел тұрады, күші секундына 15-20 метр. 30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 30-31 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 30-31 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина