- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 4 шілдеде бірнеше...
4 шілдеде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
4 шілдеде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
4 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 4 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
4 шілдеде Ақмола облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4 шілдеде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Кокшетау қаласында 4 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
4 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
4 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 4 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі.
4 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. 4 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
4 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
4 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіңі 15-20, Алакөл көлдері ауданында 17-22, күндіз кей уақытта екпіні 27 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус сақталады. 4 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 4 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. 4 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
4 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 4 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
4 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 4 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.
4 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 4 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 4 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
4 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүтсік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. 4 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ: 4 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. 4 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ: 4 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүтсік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 4 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
4 шілдеде таулы аудандарында, 5-6 шілдеде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 4 шілдеде күндіз облыстың таулы аудандарында, 5-6 шілдеде тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 4-6 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қаласында 5-6 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. 5-6 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4-6 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
4 шілдеде таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, онтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 4 шілдеде облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
4 шілдеде түнде және танертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз найзағайда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қаласында 4 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина