4 сәуірде бірнеше өңірде найзағай соғып, нөсер жаңбыр жауады

4 сәуірде бірнеше өңірде найзағай соғып, нөсер жаңбыр жауады
Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" синоптиктері 4 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына, оның ішінде үсікке, нөсер жауын мен желге байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысының түнде 1-6 градус үсік болады. 

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні - облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан