4 пайыз жеңілдікпен автонесие беруге өтінімдерді қабылдау қайтадан басталды

Қазақстандық банктерде 4 пайыз жеңілдікпен автонесие беруге өтінімдерді қабылдау қайтадан басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, ақпаратта өтінім қабылдау мерзімі нақты көрсетілмеген. 

Алайда, бұл жолы құжаттар тек онлайн режимінде қабылданады.

Жыл басынан бері елде 98 мыңға жуық жаңа көлік сатылды. Өндірісті дамыту қоры төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров бұл жаңалық жүздеген азаматтарды жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!