Алматыда заңсыз еңбек еткен 156 таксист анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден аса таксопаркті анықтады, онда 4237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз, заңсыз жұмыс істеген.
Қазір Көші-қон қызметі елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де тиісті шаралар қабылдау туралы мәселені қарастырып жатыр.
"Бүгінде еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік таксист (Алматы да 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматыда 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауапқа тартылды, 112-сі қабылдау-тарату орнына (Алматы - 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы - 79). Бұл жұмыс жалғасып жатыр және ерекше бақылауда", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова