Астанада жасөспірімдер тұрғындардың көліктерін ұрлап, қалада қыдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, 14 жастағы кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің төрт ұрлық оқиғасына қатысы бары анықталды. Олар көбіне ВАЗ автокөліктерін ұрланған.
Түнгі уақытта олар тұрғын үйдің жанында есіктері ашық, кілтімен оталуға дайын тұрған "Лада 21705" көлігін көрген. Жасөспірімдер ештеңе ойламастан жолға шығуға бел буып, рөлге отырып, құны 3 миллион теңгеден асатын көлікпен көше аралап жүріп кеткені белгілі болған.
Жәбірленушіден жедел қоңырау түскен сәттен қалалық тәртіп сашылары бірден "Ұстау" жоспарын еңгізіп, ұрланған көлікті іздеуге жұмылдырылған. Сағат 03.20 шамасында М.Төлебаев пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында жасөспірімдер мінген көлікті патрульдік полиция бригадасы байқап қалған.
Полиция қызметкерлерінің талабын елемеген кәмелетке толмағандар жылдамдықты арттырып, көлікпен қашпақ болған. Көп ұзамай көлікті тоқтатып, оны тастай қашқан олар, тәртіп сақшыларының қолына түскен.
Тергеу барысында жасөспірімдердің сыныптас екені және қалалық мектептің 7-сыныбында оқитыны анықталды. Қазіргі уақытта ұрлық дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар кінәсін мойындап, кепілдікке ата-аналарына тапсырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!