Актер Жасұлан Көпберген бала күніндегі ауыр оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, актер болу – оның бала күнгі арманы болмаған.
"Мен боксшы боламын деп ойлап жүрдім. Екі нәрсені қатар алып жүрдім. Анам өнерге тартса, әкем спортқа тартқан болатын. Боксқа қатысып жүрдім, оныңмен қатар сериалдар, фильмдерге түсіп жүрдім. 12 жасымда "Жаужүрек мың бала" фильмінде Сартайдың кішкентай кезін сомдауым керек болды. Қарағанды не Павлодарға түсірілімге кетуім керек болды. Ақан Сатаев маған қағаз беріп, (мектеп директорыңа апарып бересің" деді. Мен әкеме "апарып беріңізші" деген кезімде "сенің тірлігің бе – өзің апаруың керек" деді.
Келесі күні мектепке бара жатқан кезімде жаяу жүргінші өткелінде көлік қағып, 14 метр ұшып кеттім. 4 күн комада жаттым. Үйдегілерге "дайындала берсін" деген әңгімелер айтылды. Бірақ Алланың қалауымен өмірге қайтып келемін. Сонымен боксты тастадым", - дейді актер ТАВОО бағдарламасына берген сұхбатында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!