"4 көлік және 5 миллион теңге". Бағлан Әбдірайымов 50 мұқтаж жанның қарызын жабуға көмектеспек

"4 көлік және 5 миллион теңге". Бағлан Әбдірайымов 50 мұқтаж жанның қарызын жабуға көмектеспек
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов 50 адамның қарызын жабуға көмектеспек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бай-Бағландар, біз киноның маркетингіне 4 көлік және 5 миллион теңгені 50 адамның қарызын жабуға бөліп отырмыз. Шарттарын білу үшін пікірге "кино" деп жазыңыз", - деп жазған өнер иесі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мерчендайзер деген қандай маман?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә