- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 4 қазақстандықтан қара...
4 қазақстандықтан қара нарықтағы бағасы 580 миллион теңгеден асатын есірткі тәркіленді
Астана қаласы мен Ақмола облысында синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңсыз айналымнан 29 келіден аса "мефедрон" психотроп заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар, есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар тәркіленген.
Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" бағасы 580 миллион теңгеден асуы мүмкін.
Ұсталған 4 адамға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова