4 қарашада телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

4 қарашада Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазтелерадио" профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін хабарлады. 

Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) бүкіл ел аумағында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!