American Standard 3D принтерінің көмегімен су құбыры шүмегінің ерекше үлгісін жасап шығарды. ЗD принтер өндірушілер енді көзді алдайтын, ақылға қонымсыз шүмекті өндіруге мүмкіндік алды. Бұл өнім нағыз өнер туындысына айналып үлгерді.
3D принтерінің таңдамалы лазерлері металды ерітуге және оған пішін беруге мүмкіндік береді. Бұған дейін темірге пішін берудің мұндай әдісі дәстүрлі әдіске қайшы келген. Тіпті мүмкін емес деп айтса да болады. Ал қазіргі таңда жаңа тәсілдер өндірушер арасында кең таралуда. Өнертапқыштар ол туралы ең алғаш рет 1980 жылдары айта бастаған. Ол кезде 3D принтері тек дизайн жасау үшін пайдаланылыпты. Алайда American Standard ерекше құрылғымен металл басып шығаруға қатты ниеттенеді. Соның нәтижесінде төмендегідей өзгеше үлгідегі темір шүмектер пайда болады. Бірақ та шүмектерді сатып алуға кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Олар шамамен $12,000 – $20,000 тұрады.