Семейлік тұрғын достарының атына 39 миллион теңге несие рәсімдеген, кейін сол қаржыны құмар ойынға жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 34 жастағы ер адам таныстарынан жақсы компанияға жұмысқа орналасуға көмек сұрапты. Осылайша, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына алынған несиені өтеуге уәде берген. Таныстары алаяққа сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Алайда кейінірек ер адам достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды.
Жәбірленушілер де досының құмар ойынға тәуелді екенін біліп, алданғанын түсінген. Полицияға 19 адам жүгінді.
"Барлық дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу басталды. Келтірілген залал - 39 миллион теңге", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!