Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындыларын таныстырды:
Тексеріс Назарбаев Университеті және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы бағыттарды қамтиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!