Қазақ қашанда әжеге ерекше ықыласпен, құрметпен қараған. Ақжаулықты әжелер - даналық пен ақылдың бейнесі. Қазақ шоу-бизнесінде де әже атанып, немере сүйіп отырған әжелер бар. Көбі кимешек кимесе де, немере десе ішкен асын жерге қояды. Қазақ жұлдыздары арасында кім әже атанып үлгерген? Бұл туралы Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Ақбота Керімбекова
Әнші Ақбота Керімбекова бұдан төрт жыл бұрын шілдеде әже атанды. Немересінің есімі - Айбибі. Қазір ол 3-ке келді.
"Бүгін біздің шаңырақта қуаныш. Жаңа ғана келініміз бізге тәтті, сұлу қызды дүниеге әкелді. Сіздерге де жұғысты болсын. "Әже", "апа" болып жатырмын. Сіздер де немере-шөберелі болыңыздар", - деді Керімбекова.
Баян Алагөзова
Баян Мақсатқызы жақында жиен-немерелі болды. Оның тұңғышы Айсәуле Бақытбек биыл ақпанда Сафия есімді қыз дүниеге әкелді.
"Қызым ана атанды. Әдемі қызымыз дүниеге келді! Біз бақыттымыз", - деп жазды продюсер Instagram-парақшасында.
Жанар Айжанова
Әнші, актриса Жанар Айжанова былтыр жиенді болды. Бұл туралы әншінің қызы Айжұлдыз Адайбекова Instagram-парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, Айжұлдыз Адайбекова 7 мамыр күні босанған. Әнші немересінің есімі - Назар. Тіпті өзінің Instagram-парақшасы да бар.
"Міне әжесінің баласы, әжесінің данасы, әжесінің чемпионы, әжесінің ақпатшасы. Танысып қойыңыздар, Сылдырмақ - Назар Адайбеков. Мені әжем арқалап өсірді. Мен де ақ қозымды арқама салдым", - деп жазды Жанар Айжанова.
Лидия Кәденова
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова биыл екінші рет әже атанды. Бірінші немересі Дияр 2016 жылы дүниеге келген, ал биыл Лидия Кәденованың екінші немересі Далила дүниеге келді.
Гүлнұр Мамасарипова
Продюссер Гүлнұр Мамасарипова 38 жасында әже атанған. Немересінің есімі - Айлин, қазір 9-да. Продюссер жиен немересін өз қызындай көреді, үнемі бірге саяхаттап, премьераларға да бірге алып жүреді.
"Өмірімнің күнгейі. 38 жасымда "Әже" еткен періштем бүгін 9-ға келді! Өзі сондай ақылды, сабырлы, зерек, оқуда озат. Менің қамқоршым, жанашырым, "әке-шешем" деймін. Өйткені ол үнемі мені іздейді, уайымдайды, кешіксем "шаршадың ғой, үйге қайт" деп хабарласады. Немереңнің махаббатынан асқан бақыт бар ма?! Өмір деген осы шығар", - деп жазды продюсер.
Данагүл Темірсұлтанова
Актриса Данагүл Темірсұлтанова да биыл әже атанды. Актрисаның екінші қызы Блогер Айым Сейтметова Томирис есімді қыз дүниеге әкелді. 6 күн бұрын немересі алты айға толды.
"Қош келдің ортамызға, күнім. Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды актриса парақшасында.
Айнұр Жүгінісова
Мирас Жүгінісовтың анасы, продюсер, актриса Айнұр Жүгінісова - бүгінде нағыз ақжаулықты әже. Актрисаның Айдай, Томирис, Осман есімді немелері бар.
"Келінім аяғы ауыр кезінде бір сұхбат бергенімде, аузыма Құдай салғандай "Келінім қыз туатын әрі өзіме ұқсайтын сияқты сеземін" деп айтыппын. Шыныменде қазір Айдайымыз сыр-сымбаты әкесіне келгенімен сезімталдығы, қылықтары өзім бола қалған ғой. Ал Томпиымыздың кіндігін өзім кескен соң ол да әжесінің қызы.
Аллаға шүкір, шаңырағымыздағы ұрпағымыздың жалғастырушысы, тұңғыш ұл немереміз бізді жұмасына бір көрсе шаттанып, атасы келгенде, жанынан шықпай, қолынан түспей қояды. Атасының баласы ғой. Әр қазаққа немере-шөбере сүюді нәсіп етсін", - деп жазды ол парақшасында.
Сондай-ақ, Айнұр Жүгінісова Осман немересі дүниеге келгенде кимешек кигенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!