- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 38 жастағы ер...
38 жастағы ер адам 75 жастағы әйелге үйленді
Оңтүстік Кореяда А Loving Couple YouTube-арнасының жүргізушілері үйленді. Күйеу жігіт 38 жаста, ал қалыңдықтың жасы 75-те, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle Allkpop-қа сілтеме жасап.
Жас жұбай некесін 27 қыркүйекте Тонхэ қаласында тіркеген. Әйел 1947 жылы дүниеге келген, яғни ол 75 жаста, ал ер адам 1984 жылы туған, ол 38 жаста.
Үлкен жас айырмашылығына қарамастан, күйеу жігіт үйлену тойын өмірдегі ең керемет күн деп бағалаған.
"Бізді қолдағандарға рақмет. Бұл - менің 40 жылдық өмірімдегі ең бақытты әрі ең маңызды күн", - деді ол.
Блогерлердің айтуынша, олар қазанда той жасамақ болған, бірақ бұған қаражаты жетпеген.
"Рәсім өткізу қымбат. Мен қартайдым, күйеуім жас, бірақ оның ата-анасы жоқ. Сондықтан бәрін өзіміз төлеуіміз керек", - деп түсіндірген әйел видеода.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова