38 жастағы астаналық LRT-да асылып қалған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде оқиға орнынан суреттер мен видеолар тарап кетті. Полиция бұл деректі растады.
"102-ге ер адам құрылыс маңында асылып қалғаны туралы хабар түсті. Полицейлер қаза тапқан – 38 жастағы азамат екенін анықтады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы анықталып жатыр", – дейді полиция өкілдері.
Астанада LRT жобасының басталғанына 20 жылға жуықтады. Елордада жаңа көлік жүйесі туралы 2005 жылы сөз қозғала бастады, ал 2011 жылы құрылыс жұмыстары басталған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!