+38 градус ыстық: бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!