Алматы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілдері 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, түрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметін ұсынған.
Сондай-ақ, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда әсер ету үшін жұмсалған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ер адам басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.
Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз күдіктінің әрекетінен зардап шегсе немесе сізде тергеу амалдарына пайдалы ақпарат болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі тәсілдердің бірімен хабарласуыңызды сұраймыз:
1. Департаментке мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 15-үй;
2. 8 (7272)78-73-00 немесе 1424 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз;
3. Telegram-бот @antikorkz_bot жазыңыз.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!