+37 градусқа дейін аптап ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады

12 және 13 шілдеде Астана мен Алматыда аптап ыстық сақталады. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус аптап ыстық болады.

Мұндай ауа райында дәрігерлер күн белсенділігі ең жоғары болатын сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін далаға шықпауға кеңес береді. Әсіресе қарттар, балалар, жүкті әйелдер және ашық аспан астында жұмыс істейтіндер ерекше сақтық танытқаны абзал.

Мамандар күні бойы тұрақты түрде су ішуді, табиғи матадан тігілген ашық түсті киім киюді, бас киім тастамауды және мүмкіндігінше көлеңкеде немесе кондиционері бар үй-жайларда болуды ұсынады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!