+37 градусқа дейін аптап, кей өңірде күрт салқындайды: 30 тамызға арналған ауа райы

"Қазгидромет" жексенбі, 30 тамызға арналған еліміздегі қалалардың ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, қатты жел соғады және күн айтарлықтай салқындайды. Ал оңтүстікте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, батыс өңірлерде негізінен жауын-шашын болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +14…+16 градус болады.

Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус болады.

Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.

Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +35…+37 градус болады.

Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +32…+34 градус болады.

Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +31…+33 градус болады.

Қызылорда – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +32…+34 градус болады.

Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +32…+34 градус болады.

Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +28…+30 градус болады.

Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік және солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +23…+25 градус болады.

Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +21…+23 градус болады.

Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 12 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +18…+20 градус болады.

Қарағанды – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +21…+23 градус болады.

Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +28…+30 градус болады.

Қостанай – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +13…+15 градус болады.

Көкшетау – көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус болады.

Петропавл – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+3 градус болады. Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +12…+14 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +19…+21 градус болады.

Семей – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +20…+22 градус болады.

Өскемен – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +20…+22 градус болады.

Бұған дейін синоптиктер 30 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының күрт бұзылатынын ескерткен еді. Кей аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде алғашқы үсік күтіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!