37 адам эвакуацияланды: Шымкентте пәтерден өрт шықты

37 адам эвакуацияланды: Шымкентте пәтерден өрт шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте өрт шығып, 37 адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қаладағы Нұрсат-2 шағынауданында болған. Тоғыз қабатты үйдің 6-қабатындағы пәтерде үйдің заттары жанып кеткен. 

ТЖМ күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде пәтердің басқа үй-жайларына таратылмай, 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Сондай-ақ баспалдақпен 6 бала құтқарылды және 31 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ тұрмыста өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина