36 жыл бұрынғы қылмыс түкіріктің арқасында ашылды

36 жыл бұрынғы қылмыс түкіріктің арқасында ашылды
Фото: depositphotos.com / Фото автора thenews2.com

АҚШ-та 65 жастағы ер адам 36 жыл бұрын қылмыс жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі People басылымына сілтеме жасап.

1988 жылы 27 мамырда 25 жастағы Карен Тейлор Бостондағы үйінде өлі табылған. Каренді белгісіз біреу 15 рет пышақтап өлтірген. Тергеушілер қылмысты Джеймс Холломэн есімді адам жасады деген ой түйген, себебі үйден оның атындағы чек табылған. Алайда сот-медицина сарапшылары Джеймс Холломэн кінәлі екенін дәлелдей алмаған. 

Кейіннен тергеу қайтадан қолға алынып, түкіріктің арқасында іс ашылды. Детективтер Холломэнді аңдып, үйінің маңында түкірген кезде оның ДНҚ сараптамасын жасаған. Істі тергеу барысында ер адамның биологиялық материалдары Тейлордың тырнағынан, темекі тұқылынан және жемпірінен табылған. 19 қыркүйекте 65 жастағы ер адам қамауға алынды.  

Холломэннің адвокаты сонша жыл өткеннен кейін ДНҚ-ны салыстыру мүмкін емес деп санайды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина