- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 36 градусқа дейін...
36 градусқа дейін аяз: 15 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 15 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова