Танымал адамның көбі өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. 53 жастағы Дженнифер Лопес, 49 жастағы Кейт Бекинсейл немесе 41 жастағы Джессика Альба мен Равшана Куркованы алсақ болады. Әдетте, көбі жастық пен сұлулық қымбат процедуралар, инъекциялар және пластикалық ота нәтижесі деп ойлайды.
Бірақ дұрыс ұйқы, тамақтану және спорт көп көмегін тигізеді. Соның бір дәлелі - 35-тен өткен, бірақ әлемдегі үздік сұлулық өнімдерін жарнамалауға дайын қазақстандық актрисаларымыз, -деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Аружан Жазылбекова, 36 жаста
Көзінде оты бар, күлімсіреген актриса "Әсел және оның достары мен құрбылары" сияқты сериалда бойжеткен студенттің ролін сомдай алар еді. Себебі актриса әлі 20 жастағыдай көрінеді.
"Анаға апарар жол", "Рэкетир-2" және "Композитор" фильмдерінің жұлдызы әдебиетке, диджейлік пен белсенді спортқа әуес. Бір сөзбен - ақылды, сұлу!
Әсел Сағатова, 37 жаста
2007 жылы аты аңызға айналған "Рэкетир" фильмінен кейін танымал болған Әсел Сағатова әп-сәтте қазақстандықтардың сүйікті актрисасына айналды. Демек, оның қатысуымен түсірілген әрбір фильм көрерменнің қызығушылығын тудырады. Актриса талантты ғана емес, сонымен қатар әдемі.
Бүгінде екі баланың анасы оқу орнын енді ғана бітіргендей көрінеді. Оның макияжсыз суретіне назар аударыңызшы.
Әсел Сәдуақасова, 37 жаста
Актриса, продюсер өзінің жылдам өзгеруімен қазақстандықтарды таңғалдырды. Онсыз да сұлу Әсел бір жылға жетер-жетпес уақытта 11 келі артық салмақтан арылып, даму жолына түсті. Әлеуметтік желіде актриса артық салмақпен бірге жаман әдеттер, алаңдаушылық пен апатия да кеткенін айтты.
Бізге тек Әселдің сұлулығына тамсану ғана қалды.
Қарлығаш Мұхамеджанова, 39 жаста
"Ликвидатор", "Томпиған", "Қазақ хандығы. Алтын тақ" сынды фильмдердегі ролдерімен танымал болған актриса өзінің алғашқы түскен "Қызғылт қоян ертегісі" фильміндегідей. Фильмнің жарыққа шыққанына 12 жыл болды. Қарлығаш қазір одан да әдемі әрі сұлу.